ВЕРНУТЬСЯ

Жүрегім менің, сабала,Жүрегім менің, сабала.Жартасты соққан жас толқынЖаныңа сенің жаға ма? Үдеген дауыл далада,Үздіге келдім жағаға.Үрейлі сұрқы теңіздіңҮркітіп тегі баға ма? Шаңқылдай ұшып шағала,Шарықтай қиқу қаға ма?Шабытсыз қалай жүрсің деп,Шамдантып мін де таға ма? Түнеріп қара көкте бұлт,Түйіле қарар кектеніп.Тымырсып қалай қаларсыңТұрғанда жүрек өртеніп?! Алай да дүлей күй кештім,Айдынмен асау үйлестім.Арқамды менің қодырар-Теңізді қалай сүймеспін?!

Автор: