ВЕРНУТЬСЯ

(Мұңдасу) Екі көзім елімнің картасында,Мен шаршаймын отырып әр тасында.Ақын көңілі әрілеу хан,сұлтаннан,Болмаса да көк тиын қалтасында!.. Отырсам да сыныптың партасында,Отырғандай көңілім хан қасында!..Қаскелеңге хан да бол,Қаншайым бол,Құдай берген байлықтың арқасында!.. Тағдырым тау арқалапұйқымда өткен,Оянсам... шал екенмінСиқым кеткен.Қазақтың жақсысының мен де бірі,Өз басын сөздерімен  сүйкімді еткен!.. Басым мұз,самайым қар,ішім- көктем,Жау қалып, силасатын кісім кеткен.Білдірмей бөрі арығын қомпияды,Жан жуас, сөйлегенмен,түсімде өктем. Қанша рет басқа шөгіп заңғар аспан,Тыпырлап отқа түстім аңдамастан.Бекер деп барлық өмір ойламаймын,Жұлдызды сәттерім көп...оңға басқан!.. Халқыма мүсінім бар  тастан кескен-Елім деп ғұмырым бар бастан кешкен.Алып қашып кетеді аракідік,Қазақтың Тайбурылы дастанда өскен.Біреулердің біреуге таласы бар,Таласатын әркімнің қаласы бар.Жаратқаны жыланның алашұбар,Иреңдеуге оның да шамасы бар... Ежелгі  ата қазақ жұртындамын,Қазанның ішінде емес-сыртындамын.Өледі,өледі енді, деп жүргенде,Аспанның алтауынан жылтыңдадым!.. Ініңнің көпке жетті көп еңбегі,Қозысы қошқар болып көгендегі.Қызғаныш қып-қызыл боп итке  айналды,Жаппарға айла таппай төбемдегі. Жұлдызбен сұхбат құрдым жарқылдасқан,Ағама іні болдым артын басқан.Жауымды да аяймын осы күнде,Құлақта құрбақасы барқылдасқан. Аққу құсап көкке өрле,қыран құсым,Балапанның ізіңе ерт   ұнамдысын.Мынау шыңға шығарған ,досым түгіл,Дұшпаныма бар менің мың алғысым!.. Кекілбаев,Шаханов, Сүлейменов,Сөйлеген жоқ ауызы клейленіп?!.Шыққанымды биікке білмей қалдым.Жаудың атқан оғынан үрейленіп.Ауызындағысын қазақпыз жатқа алдырған,Досын таптап,дұшпанын шаттандырған.Айбергенов інім деп ізіне ертіп,Мақатаев Қалбайға хат қалдырған!.. Бір мұңайып қыжылдан, бір ісінем,Құлагерлер жаңылса жүрісінен.Өлісіне қазақтың өкпемді айттым,Жәрдем болмай қазақтың тірісінен!.. Еліме арнап Ақ Сарай салғызғанмын,Маңғыстаудан кірпішін алғызғанмын.Сенен биік, Әз-апа,ешкімім жоқ,Жалмап жұтып жиһанды...жалғыз қалдым. Жүрегімді қинаңдар зырқыратып,Жұлдыздарды жағыңдар... жылтыратып.Қырандарың биікке өрлемейді,Аракідік қоймасаң...Мылтық атып!..                                2010 жыл.