ВЕРНУТЬСЯ

Аманбысың,Зүбайда,Есенбісің,Зүбайда?!.Қайда десе Қалыбай,Не дейсіңдер құдайға?!. Тау басында қарағаш,Көлеңкесі ылдида.Жағдайыңды сұрамас,Мойындағы қыл бұйда! Талшыбығым ну болды,Қауырсыным су болды.Қарындасты сағынып,Ішкен асым у болды! Мұң шағамын Құдайға,Сыр айтамын Құдайға.Қаратаудан қар көшті,Қайда жүрсің,Зүбайда?!. Аққа құдай жақ болды,Шыбықтарым бақ болды.Жалғыз жүріп шалғайда,Жалығатын шақ болды. Шықтым,міне,деңгейге,Жар бол,Құдай,мендейге!Айға шапқан Ақ боз ат,Түстеріңе енбей ме?!.Өсейін бе бұлақтан,Өшейін бе құлақтан?!.Естіле ме дауысым,Айғайласам жырақтан?!. Достарым бар ұнайтын,Дұшпаным бар сынайтын.Сенен өзге кімім бар,Амандығын сұрайтын?!. Аманбысың,Зүбайда,Аманбысың,Зүбайда?!.Түсіп жатыр ақ қырау,Кешегі аппақ шырайға... Сайгүлігім сайлы еді,Екі қолым байлы еді.Көз жасымды сүртейін,Орамалың қайда еді?!. Қарындассыз қамықтым,Жалғыз жүріп жалықтым.Алып шығар ақ боз ат,Арасынан тамұқтың!..Жанға батты жау ісі,Күңіренді тау іші.Қараңғыда белгілі,Қарындастың дауысы!.. Табандарың нық!..Тайма!Ұға ма жұрт,ұқпай ма?!.Жұқанасы бүтін ел,Жұлдыз алып шықпай ма?!. “Ер басына күн туса,Етігімен су кешер.Ат басына күн туса,Ауыздығымен су ішер” Ер айнымас елінен,Құс айнымас көлінен.Қайыры жоқ қайран жұрт,Қатыны көп ерінен. Мұз үстінде зірледім,Ақтығымнан кірледім.Тау үстіне дән шашып,Тас үстінде гүлдедім. Жұлдыздармен сырластым,Жалаң аяқ қырды астым.Елу бесте білмесең,Елу бес жыл тұрмаспын!                      Қараша, 2002 жыл