ВЕРНУТЬСЯ

  Aca сүйікті досым Арсений
Андреевич!
  Бирюкова деген кызға үйленуіңізге шын ниетіммен қуанып
батамды беремін, өйткені мен ол қызды да, оның ата-анасын да көптен бері
білемін, бұлар барлық жағынан да дұрыс адамдар. Сондықтан, Сіздің осы адал, мейірманды
үймен жегжат болғаныңызға қатты қуаньгштымын. Үйлену деген, сүйікті досым, шынындада,
жас адамдардың өміріндегі бір аса маңызды, елеулі кезең. Өмірдің бұл кезеңіне
аяқ баскан кезде оның арты
не боларын, әрине, шыңдап ойлану керек. Осы жағынан қарағанда, Сіздің бұл сияқты
маңызды мәселеге шынмен бере қарағаныңыз маған өте ұнап отыр. Ал енді жас
келіншегіңізбен жақсы тұрып, бақытты өмір cүpeтіндігіңізге сенемін және осыған
тілектеспін; өйткені, Сіз де, досым бір сабырлы жақсы адамсыз, турлаусыз адам
емессіз, ал Сіздің келіншегіңіз де көргенді жерден, кішіпейіл, қалтқысыз өмір
сүрген үйден шыққан адам. Ендігі жерде мынадай ақылды бұлжытпай ұстаңыз, бұл
менің айтып отырған ақылым емес, атақты философ-педагог Каменскийдің ақылы. Ол
кісі: «қолындағы барына канағат ете білетін адам, шын бақытты адам және - біз
өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам - шын бақытты
адам деген екен; ал тағы бір араб философы бақыттылық пен байлық неде дегенде -
«ынсаптылықта» деп жауап берген екен; міне осы ақылды алыңыз. Өз өмірін теріс өткізіп
журген басқа адамдарға еліктемей, -Сіздің жас келіншегіңіз де осындай
көзқарасқа үйренсін.
Мен сіздердің бақытты, раушан минутынызды сураусыз
айтқан ақылыммен күңгірт түсіп отырған тәріздімін, - бұл үшін Мария Васильевна
екеуіңіз маған қанша ұрсып, кейісеңіздер де ықтыяр, мен оларыңды көтере
беремін. Жолыққанша сау болыныздар, сүйікті жастар, шын ниетіммен сіздердің
аман-сау, бақытты болуыңызды тілеймін. Тойға деген шашуымды январь айының аяғында
күтіңіздер, қазір үлгіре алмай қалып отырмын.
Василий Федорович атайға және оның өзім үлкен
құрмет тұтатын әйеліне менен жалынды сәлем айтыңыз.
1885 жыл, 25 октябрь.
Өзіңіздің И. АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.