ВЕРНУТЬСЯ

   ...Өтіп бара жатыр бүгін бір жылым...

..."Шабыт жүген намыс мінген" жыр-жылым!..

Байтақ Отан, шексіз Әлем - Сенің де,

"Абай" деген саңқ-саңқ етіп тұрды үнің!

Абай ойын, ұлылығын сыйғызып,

Шексіз кокке білек созған, бұл қызық!

Орындалған сол күн барлық мақсатым,

Арман үйін, Абай жайын тұрғызып!

Ең шабытты, ең бақытты бұл жылым!..

Асау арман ұстап мінген дүлдүлін!..

Бір немерем бірге толып, біреуі,

Есік ашқан бұл өмірге - гүл жылым!..

Жиған жылым мақтау, атақ, түз гүлін,

Деген жылы туған елім - бізді "Ұлым!"...

Алда үміт, бірақ сонша шаттықты,

Сыйлай алмас енді тіпті жүз жылың!..

...Өтіп бара жатыр бүгін бір жылым!..

31.12.1995 ж.