ВЕРНУТЬСЯ

Жан біткеннің жүрегін аралай кеп,Түн-шабытым ақырын қағады әйнек.Жүрегімде ақ таң бар, ал кигенім –Қара түннен тігілген қара көйлек. Кірпігіне мұз қатты қарашаныңБәйге-күнмен жарысып, таласамын.Түнгі аспанның жұлдызын жетегіме ап,Ақ дәптердің бетінде адасамын. Арман шығады алдымнан асқар биік,Таулар шығады алдымнан аспан киіп.Ақ дәптердің бетінде жазық дала,Ақ қаламның ұшында – қашқан киік. Қашқан киік! Жоқ оның тоқтамағы,Сөз-орманға енеді. Жоқ болады.Топ қарлығаш ойымнан пыр-пыр ұшқан,Өлеңнің жолдарына кеп қонады. Түн осы – сан әуенді.Боямалы.Дөңгеленіп ақ таңға таянады.Түніменен тербеліп,таң атқанда,Ақ қағазда қара өлең оянады.