ВЕРНУТЬСЯ

    Көк
барқыт көйлек киіп-ап,

Ақ
қайың бақта тұр
күліп,

Қолына
гүлді жиып-ап,

Самал
жүр шетте түртініп.

Ойнайды
самал жұлмалап,

Кетеді
қайың жұлқынып.

Былтырғы
киген сұр-халат,

Қалыпты
биыл "жыртылып".

Жомарт-ау
жасыл жер деген,

Табиғат
барып тұрған бай.

Қайың-қыз,
жігіт-желменен,

Әзілдеп, сипап тұрғандай.