ВЕРНУТЬСЯ

Ақылым құлап құдыққа,Шығыр тартқандай айналдым.Үмітті жалғап сырыққа,Шықпаққа белді байландым.Аспанда жүзген ай-табақ,Жетелейді ойлы жанарды.Мұңымды менің қайталап,Ғасырдың шашы ағарды.Бар-жоқтан сенім құрап ап,Жолына түстім үркердің.Теңізден тамшы сұрап ап,Шілденің бетін сүртем мың.өртеніп желдің көйлегі,аралай қашты аптапты.Тұлпар-жыр аңсап бәйгені,өртенуге ол да шақ қапты.Шабыттан шырқап жеткенде от,Аламын жырдан таң құрап.Бір жылда екі көктем жоқ,Бір қасық үміт бар бірақ.Қуалап сұр жел өміріңді,Сары құм, қырда жасисың.Баяғыда өлген көңіліңді,Ары-бері сен де тасисың.