ВЕРНУТЬСЯ

Ақынның сөзі – тұмардан,Өртемей қоймас бұл арман.Дүниенің барлық азабын,Ақындар үшін шығарған! Ақынның сөзі – құрыштан,Қайраған сайын нұр ұшқан.Басыңның кәдік қалуы,Жарқ ете қалса бұрыштан! Ақынды ешкім екпейді,Масағын бірақ шөптейді!Бұл ақын деген, қарағым,Көрінбей жатып көктейді! Сөйлейді ақын жанғанда,Өр сөздер қанша жалғанда!..Өле ме ақын үндемей,Өртеніп тұрған жан барда?! Сөйлейді ақын жанғанда,Өр сөздер қанша жалғанда!..Отырғызып қойып тағында,Үкім оқиды хандарға!Ақынға әлем – қан майдан!Көгерер тасқа қандай дән?!.Боранда тұрып гүлдейді олСоғатын қарсы маңдайдан. Ақынның көгі – жақты аспан,Сарайы оның – ақ тастан!Кіремін деген үйінеКіреді есік қақпастан! Азамат болсаң атың бар,Жанатын отқа жақын бар!Өшетін сөзді ешқашан,Жазбайды хатқа ақындар! Ақынның сөзі – бұлақтан,Тауларды жерге құлатқан!Бір кіре қойса теңіз боп,Шығару қиын құлақтан!.. Ойнама сөзбен, қарағым,Кеседі менің жарағым!Тамырың болса тарадым,Құлағың болса аламын!Ыстығың болса жанамын,Табада менің табаным,Қуырмау керек Қалбайды,Мен өзім жалғыз ғанамын! Батырың болам қорғандай,Ақының болам сормаңдай!Басуың керек өлеңді,Өлсең де аштан нан қалмай! Өлеңді көмген бақ таппас,Жақсыны құзғын жақтатпас!Қаратас еді Төлеген,Жаман ба мына Шақпақтас?!. Ұл едік қара ормандай,Айрылма менен сормаңдай!Айрыла берсең ұлдардан,Қайтесің, қазақ, қорланбай! Ақынға әлем – қан майдан,Көгерер тасқа қандай дән?!.Айрылар қазақ бір шыңнан,Айрылған күні Қалбайдан!