ВЕРНУТЬСЯ

    Жасы алпыстан асқан, ошағында жеті жаны бар, әйелі мүгедек
бір кісі, шарасызданып, Құдайды жазғырғаны.

    Япырмай, не боп барады мына заманың,

Даңғылға шығар жоқ па еді, халқым, амалың.

Пақырдың түрін, жесірдің күнін көргенде,

Малынғандай ма сия емес, жасқа қаламым?

Соғыстан кейін елуге аман келіп ек,

Отырсың алпыс, нені ойлап енді еңіреп.

He жаздық Алла, осынша қаһар төккендей,

Сиынар саған қолменен қоқыс терілед.

Қыздарым қандай, қиылған қасы, ақмандай,

Ажары ашық, жанарын күн ғып жаққандай.

"Көкек" боп солар ұяға бөтен қонғанда,

Өзінді сүйер жүрекке шеге қаққандай.

Шырқайтын шақта махаббат жырын көктемде,

Орнына нұрдың жауады, осы, Көктен не?

Үміті өшіп өзінді қарғар біреулер,

Құранды оқыр тілменен Сені сөккендер.

Шыдамның оты сөнді ме төзе беретін,

Пенде де қорқау, ашықса қабар өз етін.

Бос қуыс кеуде, іріңді жара сыздаған,

Көңіл де қара, өзгенің жанын сезетін.

Ұстаздар кетті оқытпай шәкірт, боқ тасып,

Хакімдер кетті өз мұңын ғана жоқтасып.

Тәңір деп, Құдай - табынған мынау еліңнің,

Ақ ниеттілерге ұстатшы, Алла, ноқтасын.

Сарайшық. 17.05.1999 ж.