ВЕРНУТЬСЯ

   Ол гүл құшағында
өсті, 
Ақ манара киініп,
Бұтағында бұлбұл
сайраған,
Балауса гүлге
үңіліп.
Таң самалы серпігенде
Ақ жібек
пердесін,
Ол күнге сүйгізді
де
Бүлдіршін кеудесін,
Бұтаққа сырға боп тағылды
Маржандай құбылып...
Нарттанып
алақанда тұрды
Ақ саусақпен
үзіліп.
Жас бикеш жігітке ұсынды
Жымыйып қызыл
алманы,
Мүмкін, алма
сабағына
Жүрек махаббатын
жалғады.
Бухарест, 1945