ВЕРНУТЬСЯ

         Кетті олар
күйзелтіп кеше мені,

Болды енді
өлмейтін дос өлеңі.

Көрінеді тік
басқан өздеріндей

Алматыда ақындар
көшелері.

Ұлы
Абайдан басталып ата даңқ,

Соған жалғас
Әуезов қатар ағып,

Жансүгіров,
Майлиндер сайрап жолдай,

Кең көшені
Сейфуллин жатады алып.

Жалғасындай
солардың тағдырының,

Алатаудың
көремін таңғы нұрын.

Шуылдайды,
теректер шуылдайды,

Асыл сөзін жатқа айтып әрбірінің.

Тау бауырынан
толқындай құлап
аққан,

Аманжолов көшесі
мына жатқан.

Сонау КИЗ-де
Жароков көшесі бар

Алатауға
аңқылдап тура тартқан.

Алматының Микро
ауданында,

Жетісудың
малынып бау-бағына,

Жұмағали Саинның көшесі тұр

Ойлана бір көз
тастап жан-жағына.

Тағдырлары
қаңбақтай көше қонып,

Бастарынан күн
өтті неше жорық.

Олар кеше білген
жоқ, о дариға-ай,

Алматыда
қалаларын көше
болып.

Кім оларды жоқ
бізбен дейтін бүгін,

Тоқтат, уақыт,
ондайдың бейпіл үнін!

-        КазГУ бүгін Мұхтармен кездеседі!

-        Бүгін кеші КазПИ-де Сейфуллиннің!

Сөйлейді ұлы халқымның кемеңгері,

Сөйлейді әр ақынның өлендері.

Алматыда ақындар
көшелері,

Алматыда ақындар
емендері.