ВЕРНУТЬСЯ

Аспан  аппақ,  жер 
аппақ,  адам  аппақ,
Ақ  көңілдің  аттаған 
қадамы  аппақ...
Ақша  қарға  оранған 
ақ  қаланы
Біз  тұрғанбыз  өзара 
аманаттап.
Өтті  қанша  жыл 
сол  бір  сезімді 
аттап,
Сезімді  аттап - құрыштай   төзімді 
аттап!
Аманатқа  қалдырған  сол  қаладай
Болыпсың  ғой,  аққұсым, 
өзің  де  аппақ.
Бірақ  өкпең  жоқ  шығар  сері  күнге?
Серіліксіз 
тірліктен  жерідің  бе?
Көріп  тұрмын:
ап-анық  қалған  екен
От  жылдардың  таңбасы 
ерініңде.