ВЕРНУТЬСЯ

   Қош, еркін кәрі Атырау толқындары, 
Ақынның қиялындай толқымалы.
Көгілдір
жоталарың көкті сүзіп,
Кемерден тұрсың
тасып, толқығалы.
Көбігің көтеріліп
көк жүзіне,
Тәкәппар
ұмтылғандай күн көзіне,
Өзіңнен өзге
күшке бой сұнбадың,
Көрген жоқ
бағындырып сені еш пенде.
Майданның дабылына үн қосқандай,
Тулаған
жанымменен сырласқандай,
Тұңғыйық
жүрегімнің күй пернесін
Толқыта түптен
тартып жырлатқандай.
Бұрқырап жатырсың сен тулап, тасып,
Төсіме күміс
моншақ көбік шашып,
Жасыса жанарыма
от бергендей,
Анамдай
аймалайсың құшақ ашып.
Тулаған толқыныңда мен ер жеткем,
Туғаннан тулап
жатқан толқын кешкем,
Майданның
шеруіндей дабылыңды,
Жаныма содан бері
азық еткем.
Жүзуші ем толқыныңның төсінде ойнап,
Қырандай көк
жүзінде салған ойнақ,
Секіртіп қолдан
қолға қақпақылдай,
Тербетер еді мені
толқын айдап.
Барғанда жиегіңе күн еңкейіп,
Шапағын қызыл
қамқа алған киіп,
Батыстың бағанына
іле тастап,
Шомп етіп кетер
еді қойныңа еніп.
Түн болса аспанында ай қалықтап,
Кейде ақ жібек
пердесін бетіне ұстап,
Құттықтап, көк
әлемі құмартқандай,
Төбеңнен тұрар
еді моншақ тастап.
Желкендер көз ұшында шағаладай,
Жүзіп бара
жататын толқында ойнай,
Ай сәулесі
аспанды тіреп қойған
Көрінетін ақ
күміс бағанадай.
Ару күн кеше кешке кеткен сүңгіп,
Болағанда құлан
иек таң білініп,
Оранып шығыстың
нұр шапағына,
Шығар ед жиегіңе
тағы күліп...
Ғажайып сол суреттер кетпейді естен,
Ұлыңның өз
қойныңда туып, өскен,
Еркіндік
жырларыңды ежелден мен
Өзімнің өміріме
арқау еткем.
Сүйікті кең бесігім - кәрі Атырау,
Анталап қол салғанда жағаңа жау,
Жіберіп намысымды жата алам ба,
Аналық жүрегіңе салып ақау?
Кетем бе жау қолына тастап сені,
Тулаған оққа
тоспай жүрегімді,
Алмасын
азаттықтың қолыма алып,
Сыбанып қанға малмай білегімді.
Еткізбен толқыныңды жауға ойнақ,
Жарыңда жатпақшы
ма дұшпан тойлап!
Жоқ, Ана! Ақ сүтіңді арам етпен,
Жанымды есіргенсің кекке қайрап.
Қош, еркін кәрі Атырау толқындары,
Ақынның қиялындай
толқымалы,
Қалқан ғып жүрегімді
тостым алға,
Дабылын соқ
майданның, толқы, кәне!
Алматы, 1942