ВЕРНУТЬСЯ

   Ер Бекет-ата, өзіңсің елдің ұраны,

Көтерген туың желбірей жайнап тұр әлі.

Маңғыстау ойы, даласы қазақ Пір тұтты,

Өзіңе арнап лаулайды жаққан шырағы.

Жұртыңа елі силапты ер деп найзаны,

Ақтады соны, жау көрсе көзі жайнады.

Ту ұстап талай қол бастап жауын қашырған

Өзіңсің Ата - Адайдай елдің айбары.

Қайырмасы:

Шұғыла шашып мейірін маңға тарата,

Алысты жақын етеді ғажап бір Ата.

Желей гөр Ата, жебей гөр Ата - бата бер,

Ер Бекет-Ата, Әулие-Ата, Пір-Ата!

Ер Бекет-Ата, Әулие-Ата, бата бер, Ата,

Пір Бекет-Ата!

Әулие-Ата, өзіңсің басы дәулеттің,

Өзіңсің демі тентектеу туған әулеттің.

Жатырсың сөндеп әлі де жанның сарайын,

Төрт мешіт соққан, өнері асқан сәулетшім.

Анттасқан шақта ары да болған елінің,

Ұл-қызын қорғап арқасын тосқан керімім.

Адассам бағдар, нұр шашқан Темірқазығым

Жасыса намыс суарып алар көрігім.

Қайырмасы.

Қасиет дарып тірілей "Пір" деп атаддың,

"Ия, Бекет" демей бастауға ісін батар кім.

Сенімді жанға пейілін Төңір таныта

Жайрандай күліп Сіз жақтан ғана атар күн.

Пір Бекет-Ата, ізінді басқан сүйгіздің,

Сөждеге аппақ мандайын елдің тигіздің.

Оғланды - Ордаң ниетін кісі тазартар,

Еңселі ердің, ханның да басын игіздің.

Қайырмасы.