ВЕРНУТЬСЯ

   Бейіттер неге
жылайды?

Опа көрмей өтті
метірісіңде,

Шығып қалып тірліктің кірісінде.

Кейде аңырап анадай,кейде сыңсып.

Қаражерге денесін өлгендердің,

Қателігі болды ма көмгенде елдің.

Бейіт неге жылайды түн ішінде,

Жазығында көк
шалғын, көркем белдің?

Жоғалғанда көгінен сырғып арай,

Тас бейіттер жамырап құр жыламай.

Жоқтау айтып қыздайын сыңсығанда,

Сай-сүйегің тұрама
сырқырамай.

Құйын тағдыр ұршықтай үйіргенде,

Кімдер асып-саспаған дүйім елде.

"Көріңде өкір!" -деп солар қарғаушы еді,

Әлдекімге
ыза боп күйінгенде.

Арман қуған адамдар туып төрде,

Өкіре ме өгіздей суық көрде.

Жылағанда бейіттер түн жамылып,

Іштен тынып өксіген тұнық көл де.

Оқтын-оқтын тұрғанда
күн тұтылып,

Сұм ажалдан кете алған кім құтылып?

Өлі тұрмақ бұл күнде жүрген жоқ па,

Тірілердің өздері ұмытылып.

Өспеген бе биіктеп шынары әлі,

Марғасқалар қайда деп мұнаралы?

Жылайды ма бейіттер өлген соңда,

Үлесінен құр қалып сыбағалы.

Жатса егер де
қазылған үңгірге еніп,

Қалай қызсын бүйірі дүбірге еріп.

Тірілерге риза емес шығар, бәлкім,

Жыласа егер бейіттер күңіреніп.