ВЕРНУТЬСЯ

Азаттық кеп, ақыл-ойды тездеттi,Қала, дала киiмiн де өзгерттi.Мен өзiм де жеке өмiр сүрем деп,Музыкадан қашып шығып сөз кеттi. Еркiндiкте бұрын жүрiп көрмеген,Құлап та алдық,жылап та алдық елменен.«Азаттықтың жолы азапты» екенiн,Түсiндiк те, бiз де көндiк,Көндi өлең. Ұйықтап кеткен ұлы арманды шайқаған,Талайларды шошытты да байтақ ән.Бостандықтан зәресi ұшып талайлар,Түрмелерге қашып кiрдi қайтадан.Қазiр бiзге әрбiр күнiң жылға азық,Бiрақ. . .Жүрер жолың әлi тым нәзiк.Қырық бөліп тастағысы келедi,Әлдеқандай идеялар iн қазып. Дес берме оған.Жол көп алда тiк құлар,Заман туды күш- қайратты ұқтырар.Белгiлi ғой, бостандықта қашаннан,Өмiр сүре алады тек мықтылар. Быт-шыт болды бодандықтың түрпiсi,Қандай сұлу азаттықтың гүл-түсi.Сәби болып жүгiредi далада,Бостандықтың ғажап күмiс күлкiсi. Тiрiлдi ендi өлдi деген бар тұлға,Гүлдене бер осы сұлу қалпыңда.Азаттығым, жетелеймiз бiз сенi,Күмiс күлкiң айналғанша алтынға.