Бүгін айдың он бесі,
Айдын жаққа кел деші.
Айдын жақта не бар-ау, - қатқан мұз бар,
Қатқан мұзға көміліп жатқан қыз бар.
Қыздың аты - Ақтолқын. Айды күтіп,
Мұзға айналды ақыры ақпанда ызғар.
Айна көлге тесіліп Ай қараған,
Ай қараған аяулым қайдалаған
Қайран жаз-ай, айдында оңаша қап,
Ақтолқынды түнімен аймалаған.
Мұз айдынды таусылған үміт дейін,
Ай қайтады діңкесі құрып кейін,
Сүйген қызын алыстан іздеп келіп,
Моласына жолыққан жігіттейін.
- 200 просмотров