ВЕРНУТЬСЯ

       Деңмент белбеу, қара сеңсең бөрікті

Нарт қызыл шал әлі біздей көрікті.

«Америка барған біреу ана жыл

Біздің елдің бір баласын көріпті.

Сол рас па,

Жүр дейді ерні кезеріп,

Бізден болса, өскені анық сөз еміп.

Қашағанды айтпаған ғой, әттең-ай,

Айтқанда
ғой, келер еді өзі еріп!» -

Шал тұр
тағы сауалдарын кезеніп,

Шығу керек не жеңіліп, не жеңіп.

- Иә, - дедім, -

Қашағанды айтпаған,

Айтқанда ғой, келер еді өзі еріп.