ВЕРНУТЬСЯ

     «Ермұхан
біздің ағамыз,

Айтқан тілін аламыз».

«Алмай көрші, қанеки», - дейді Ерекең,

Кейде өзім секілді ол, кейде бөтен.

Керзі етігі аяқта қолпылдайды,

Бір түймесі қалмаған жейде де кең.

...Осы қазір болардай бір керемет,

Тына қалған шалғын да, гүл де кенет.

Ақ мандай, ала бауыр қасқалдақ-түн

Тып-тыныш қонып жатыр іргеге кеп.

Жерошақта тасыған сүт төгіліп,

Киіз үйден жеңгеміз шықты ерініп.

Күйіп-пісіп ері жүр әріректе,

От алмаған моторды жіппен ұрып.

«Е, күндегі жыны да қайталаған», -

Күлді жеңгем кісі боп байқамаған.

...Масахана ішінде маған енді

«Өмір жайлы сырларын» айтады ағам:

- Ұйқы қайда, қу шіркей құрымаса,

Ыңып кетті-ау бәлекет бүгін аса.

Екі зат бар суканым сүймейтұғын:

Бірі - біздің инженер, бірі - маса.

Осы инженер жақпайды-ақ, амал қанша,

Білем, ұнап жүрген жоқ саған да онша.

Маңқа тайдай бездіріп жіберер ем,

Директордың билігі маған қалса.

Сірә, жақсы жан емес ол, меніңше,

Солай деймін, соны айтам өлгенімше.

Кірпідейін қаламын жиырылып,

Heгe екенін білмеймін, сол көрінсе. -

Соғыс жайлы айтады ағам әрі,

Дейді сосын:

- Өз жерін талағалы

Бір «ит» болды «пәшиске» өтіп кеткен...

Содан әсте аусайшы қарағаны...