ВЕРНУТЬСЯ

       Жаз да жетті-ау,

дегенше әне-міне,

Көз жүгіртем өткен күз әлеміне.

Басқа бір
күн жылытқан жаным мынау,

Қызғанамын бірақ мен сені әлі де.

Табысуды күтіп ек тек біз алдан,

Пәк едік қой, ойымыз жоқ-ты жалған.

Ал сендегі қызғаныш...

оны айтпаймын,

Оны айтпаймын, себебі

жеткізе алман.

Жеткізерім -

арамыз алшақтанды,

Өтеміз тек осылай аңсап мәңгі.

Жүргендейсің сен мені әлі күтіп,

Түнгі аэропорттарда қарсы ап таңды.

Жүректерден безініп жалыны кем,

Жолға шықсам жұлдыздар жарығымен,

Лайнерлерге ақ сапар тілеймісің

Аппақ уыз
сезімнің әмірімен?

Думан құрса,

Құс біткен жиылып ап,

Үндемейді монтиған бұйығы бақ.

Қиын,

қиын өмірде күтіп өту,

Ал күтпеу ше?

Одан да қиынырақ.