ВЕРНУТЬСЯ

        Көзіңді жаншып басты да,

Көрсетпей келді көп жылдар бойы тас мына.

Ашылмай жатқан қайнар бар шығар, адамдар,

Қараңдар байқап аяқтарыңның астына.

Қанықпын бастан, мөлдірлік, сендей ұғымға,

Барсың сен менің қыздарға жазған жырымда.

Ойланып тұрмын,
осы бір күміс күлкіні

Естігендеймін бұрын
да.

Осы бір күлкі, оңаша жайлау, лағыл-үн,

Тауысып еді-ау тау жүрегімнің сабырын.

Мәңгі
үнсіздік пен мәңгілік тынымсыздықты

Бір жерге қалай сыйдырды екен Тәңірім?!

Бейкүнә бұлақ
лағы сынды еліктің,

Қарайды саған қарау пиғылмен келіп кім?

Түнеріп қалған бүркіт тұмсықты нән тасты

Пәктікке басын иіп тұр екен деп ұқтым.

Тыңдадым сенен, тыңдадым

Сырбаз шыңдардың сырлы әнін.

Жатырсың ба айтып жоқ әлде

Биіктен төмен құлағандардың
мұңдарын.