ВЕРНУТЬСЯ

       Жүдеп жүрген кезі
еді ойлап елді,

Шоқан бірде ауылға тойға келді.

Сары қымыз, саф
ауа, бағлан еті,

Темекі мен шарапты қоймақ енді.

Күмбір-күмбір, күмбір су, күлгін алап,

Күлгін бояу көшеді қырды қамап.

Туған ауыл, туған
тіл, тума-бауыр...

Ауру жүрек шым етті, тұрды
қонақ...

Қапелімде айрылып сабырынан,

Қыз қадалды боз үйдің жабығынан.

Қара бала, қара
шал, қара кемпір -

Әрі таныс, әрі жат
бәрі бұған.

- Бәріңді де сүйем
мен, - деді кенет,

Күлді кемпір:

- Төрем-ау, мені
ме? - деп.

Тұнық
кезін іздеді ол тұма кешіп,

Құлын
кезін іздеді ол желіге кеп.

Тау жаңғыртып дауысы құлан ащы,

Қайран Шоқан құшақтап
тұл ағашты:

- Сол күнімді
қайтар, - деп айғай салды,

- Алғам жоқ, - деп
асаба тұра қашты.

Алғам жоқ деп ол қашсын тұра келе,

Гуледі сөз ауылдан шыға бере:

- Атақты ұлы осы ма атекемнің,

Шоң деуші еді,

Жынды ғой мына неме!!!

Сыпсың, сыпсың, сыпсың
сөз ел арасы,

Төрде жатып ойланды төре басы.

- Мырзам, ұят
болды ғой, - деді жеңге,

- Қала адамды бұзады, - деді ағасы.

Пәуескенің соңынан жүгіріскен

Ел-жұртына
қарамай, тынып іштен,

Ертесіне калаға қайтып кетті,

Дала жатты миықтан күліп үстем...

 

Жүдеп жүрген кезі
еді ойлап елді,

Шоқан бірде ауылға тойға келді.

Сары қымыз, саф
ауа, бағлан еті,

Темекі мен шарапты қоймақ енді.

Күмбір-күмбір, күмбір су, күлгін алап,

Күлгін бояу көшеді қырды қамап.

Туған ауыл, туған
тіл, тума-бауыр...

Ауру жүрек шым етті, тұрды
қонақ...

Қапелімде айрылып сабырынан,

Қыз қадалды боз үйдің жабығынан.

Қара бала, қара
шал, қара кемпір -

Әрі таныс, әрі жат
бәрі бұған.

- Бәріңді де сүйем
мен, - деді кенет,

Күлді кемпір:

- Төрем-ау, мені
ме? - деп.

Тұнық
кезін іздеді ол тұма кешіп,

Құлын
кезін іздеді ол желіге кеп.

Тау жаңғыртып дауысы құлан ащы,

Қайран Шоқан құшақтап
тұл ағашты:

- Сол күнімді
қайтар, - деп айғай салды,

- Алғам жоқ, - деп
асаба тұра қашты.

Алғам жоқ деп ол қашсын тұра келе,

Гуледі сөз ауылдан шыға бере:

- Атақты ұлы осы ма атекемнің,

Шоң деуші еді,

Жынды ғой мына неме!!!

Сыпсың, сыпсың, сыпсың
сөз ел арасы,

Төрде жатып ойланды төре басы.

- Мырзам, ұят
болды ғой, - деді жеңге,

- Қала адамды бұзады, - деді ағасы.

Пәуескенің соңынан жүгіріскен

Ел-жұртына
қарамай, тынып іштен,

Ертесіне калаға қайтып кетті,

Дала жатты миықтан күліп үстем...