ВЕРНУТЬСЯ

        Мықты адамдар бірін бірі нар санап,

Табысады.

Жарысады сән-санат.

Әшірбек пен Каха солай достасты,

Достасудың рәсімі екен бал шарап.

Мықты адамдар бірін бірі нар санап,

Тарасады,

Жарасады сән-санат.

Әшірбек пен Каха солай қоштасты,

Қоштасудың рәсімі
екен бал шарап.

Шалқи сөйлеп, шашып,
айхай, көзі нұр,

Әшекеңнің сондағы айтқаң сөзі бұл:

- Біздің қазақ
жігіттері секілді,

Нағыз қыран жігіт екен өзі бір.

Каха келіп қара бас нар бітімді,

Ертесіне таңдай қағып, жұтынды:

- Нағыз қыран
жігіт екен Әшірбек,

Біздің грузин жігіттері сықылды.