ВЕРНУТЬСЯ

       Әзер дегенде күн
батты-ау,

He деген ұзақ күн
еді.

һәм таныс, әрі
жұмбақтау

Мына бір кештің
реңі.

Күзден де мына
жалықтым,

Суймын, тоңам, сұрланам.

Қара бір шыңға барып Күн,

Қайырылып қарап тұр маған.

Қайырылып маған күледі ол,

Қалмай-ақ қойғын жолыңнан.

Тілеуің берсін, жүре бер,

Барамын бір күн соңыңнан.

Сенделген бұлттар сүреңі,

Қарасам, құтым қашырар.

Қабарып кеткен реңі,

Ағарып кеткен шашы бар.

Кенеттен үркіп шошыған

Кездесем желмен - сорлыммен.

Күз - дозақ.

Алла-ай, осыған

Қалайша ғашық болдым мен.

Мұң шалып жүзін шырайлы,

Айман-күз жолдан қайтып кеп,

Қоштасып тұрып жылайды:

«Жазығым не еді, айтып кет!».

Көзіңнің алды мұнар боп,

Айман-күз, бекер езілме.

Расы, сенің кінәң жоқ,

Бар пәле менің өзімде,

Бар пәле менің өзімде!