ВЕРНУТЬСЯ

        Өр толқындар кетер деп сүйреп кейін,

Қорқынышқа бойымды билетпейін.

Жаңғырып баратты жалғыз дауыс

Жар қуалап ұшатын
үйректейін.

Жалғыз дауыс дегенім - менің үнім,

Жалғыз үйрек - асыққан сері күнім.

Сері күнім өтер-ау, менің үнім

Алмаса екен тарылтып кең ұғымын.

Қияр ма екен жұпарын
қияқ, гүлің,

Жұпар
дәмді сезбесем - ұяттымын.

Жалпақ арнаң тебіреніп жатқанда алда,

Кең болуға міндетті сияқтымын.

Далаң, жағаң - баршасы киелі еді,

Солар болды ұлыңның
сүйенері.

Күміс тойы тойланған ата-анамның

Күрішші ауылы түсіме жиі енеді.

Баламыз ғой, нені ол кез пайымдалық,

Қарт сөзіне шынымен қайыл қалып,

Жүрдік қалқып, сүңгісек тереңіне,

Жұтып қояр
секілді жайын балық

Өкініш қып өткенді керегі не,

Уақа айтсам, уақыт тұр төре міне.

Бопты дағы, ей, өмір, сондағыдай

Бойлай алмай жүрмесек тереңіңе.