ВЕРНУТЬСЯ

          Түс түйе боп енеден туған ірі,

Желкілдейді желкеде шуда жүні.

Шайыры ағып, аузынан көбігі атып,

Жатқызбайды күні-түн буралығы.

Тісін қайрап күркірей бастағаннан,

Үрей-зәре
қалмайды басқа малдан.

Өзге түгіл, биылғы келе басы

Қаймықпай жүр қатерлі қасқа нардан.

Жеді де өтіп, жауғанда дәлу қары,

Мұны иесі
қайта ұстап, жабулады:

«Жетім өскен жасқаншақ бұл жаман көрт

Жарамайды келеге салуға әлі».

Мұрындықтап
тастады нән қараны,

Қайрат қылар қауқары бар ма, кәні.

Сыншысынан қазақтың міншісі көп,

Ол «өнерін» істейді ел малға-дағы.

Оқшауланып тұрса
да ірілігі,

Көзге ілмей жүр малшының бірі мұны.

«Тұқым
болмас, қорада тұра берсін,

Етке өткізіп жіберем түбі күні».

Көк мұз
қатып сабаудай кірпігінде,

Алысқанын тығардай құртып інге.

Келді ауылға сары бура күндік жерден

Ақ боранды дәлудің бір түнінде.

Аңыз етіп мұны
ел бір көргенін,

Ұйытатын
сөзіне жүрген жерін.

Түйшектер осыны ап шығаратын

Шыңырауға құлағын
інгендерін.

Осылайша айласы, күші де асып,

Пысы басып жүр бәрін,
пысы басып.

Сары бураның ерлігін тыңдағанда,

Кетуші еді талайдың түсі қашып.

Сол сары бура, сол бүгін жеткен келіп,

Жауар бұлттай
түнеріп, өктемденіп.

Бір қаққанда сереңдеп құлап жатты

Қасқа нардың аяғы көктен келіп.

Осы шақта өңмеңдеп топты жарып,

Қара бура сарыға жетті барып.

Ақ орданы шайқалтар екпінімен

Омыраулап жамбастан өтті қағып.

Ұмтылып
жүр барын caп ышқынып-ақ,

Салу қиын жауына тісті бірақ.

Шабынан бір көтеріп тастағанда,

Серең етіп сары бура түсті құлап.

Тұрғызбастан,
сол күйі басып қалды,

(Қайрайтұғын
айқас бұл жасықтарды)

Сары жатты сақылдап азу тісі,

Аяғымен тұс-тұсқа шашып қарды.

Барады ашып тигендей табаны уға,

Төгілген абыройы боп қаны ағуда.

Дағдан сойыл басына сарт етті де,

Тұрып
кетті үстінен қара бура.

Жымыңдайды табалап жұлдызды көк:

«Бала дауыл құлатты
бір құзды», - деп.

Нартасқа ұсап
тұралап қалған оны

Сүйеп, демеп орнынан тұрғызды кеп.

Қара бура жұлқынып
тулап қалды,

Ауылды ол сонда алғаш шулатқан-ды.

Бұған
деген кегі ғып қара бура,

Табанымен лақтырды турап қарды.

Күн де шықты сонау бір сайға түнеп,

Аспан ашық, түндегі айбаты жоқ.

Осы таңда қараға бақ боп қонды

Сол шайқаста төгілген қайраты көп.

Қарғыс айтып тірідей көмген күнге,

Сары бура тұрды
ұқсап семген гүлге.

Ал жауының атағы тарап жатты

Арқа жақтан құтырған
желмен бірге.

Өзгелерден сұлбасын
ірі көріп,

Айналып жүр иесі мұны келіп:

«Нұрсыз жұлдыз секілді еленбепсің,

Көп буыршын, қоспақтың бірі болып.

Дала - омырау, піл - сүйек, алып, мықты,

Енді білдім, мал ғой бұл анық құтты.

Биыл енді қайытсын інгендерді,

Келеге caп жіберем жарықтықты».

Шарай топтан суырылып шырқар дара

Жүйріктерге мекен ғой бұл паң дала.

Тұлпарлардың
атағын өрлететін

Жабы емес, тұлпар
ғана!