ВЕРНУТЬСЯ

       Үзеңгі бауың күмістен,

Күміс боп тозбай өтерсің.

Қойыңа салдым құмырсқа ен,

Құмырсқадай көп болар ма екенсің?

Келеден бөлдім жас атан,

Келеді ол кашса ел жаққа.

Шикілей бауыр асатам,

Бауырмал бол деп жегжатқа.

Шеш дағы желі-көгенді,

Ойынды тізгін түйіндеп.

Жат жерден алып

Өнерді,

Жақынға бергін сыйым деп.

Қанжардай болсын өтімің,

Қанжардың, рас, қыны бар.

Соңыңда қалды екі інің,

Үшеусің, ұлым,

біліп ал.

Белімнен үш ұл
шыққанда,

Қайғымның алтау боларын білгенмін.

Жұт бары анық,

Жұрт барда,

Жұптасып бірге күн көргін.

Шығарсыңдар бір басына,

Етектегі өмір құса
ғып.

Қарабас таудың тасына

Қашаумен ойдым үш
әліп.

Зауалдың желі құтырды,

Күңірентіп абыз тауларды.

От басқан тайлақ сықылды

Жалтара қашқан жау қалды.

Қайратын жиып,

күш алып,

Ал оның қайта шаппасына кім кепіл?

Үшкілдеп ойған үш әліп,

Үш жаққа тартпай, бірге тұр.

Ал жолың болсын, бар, балам!