ВЕРНУТЬСЯ

          Мен оралдым, айтам енді

Анашымның қартайғанын.

Желдеп кетіп, қайта келді

Жез бұйдалы
нар тайлағың.

Асыл таңның алдым зерін,

Шайдым нұрмен
көңілімді.

Тас боп қатқан тандыр желін

Тақырлардың өңі кірді.

Бүлдіргенді дала қандай,

Бүрін жарды бақ ғажайып.

Қатарланған қара нардай

Қарияларым қапты азайып.

Қара төбе жазығында

Қаңбақты жел айдады әрі...

Қара нардың қазығында

Қара бота айналады.