ВЕРНУТЬСЯ

       Биылғы қыстың
жайлылығына

Мәз болып жүр ек
шат күліп.

Аяқ астынан айныды құда,

Көпшігін жыртып лақтырып.

Бұрқырай
төніп төңірекке енді,

Құдамыз
тісін тұр қайрап.

Келеге түсер кер үлек болды

Кешегі жүрген сұр
тайлақ.

Аялдамада жан қарындастар

Қара көздері мөлдіреп,

Бұтағы
сынған алманы нұсқар:

- Сенбеймін қысқа
енді, -деп.

«Сенбеймін қысқа!» - Налып тұр маң да,

Налып тұр
алма-ғұмыр да.

- Ой, бәлі, -
деймін, - жаңа ұқтыңдар ма?!

Басқа не айта алам, шынында...