ВЕРНУТЬСЯ

       Гүлбаршын көктем тұр билеп,

Тәж киіп алып гүлдерден.

Сынаптай сағым сырғи кеп,

Ағылып жатыр іргемнен.

Мырзашөл көркі мың күй боп

Самалдың пернелерінде,

Желкенді қырқып
жүрді үйрек

Жалбыз иіс көл кемерінде.

Су бетін олар сызғанда,

Суретім көрдім өзімнің.

Қыстақтан
шыққан қыздарға

Қададым сұғын
көзімнің

Қарлығаш-өнім, сен бүгін

Тіл қаттың зеңгір күмбезден.

Еркіндеу өскен еңлігім,

Есен-сау болшы тіл-көзден.

Еске алма, жаным, жабыға

Өліара шақтың етерін.

...Сандалкек бұлттың
сағына

Сарт ете қалды от өрім.

Ауысып күйге бір өзге,

Құлпырған
жаңа абат қыр.

Жол бике нөсер
лезде

Жөнелді дейсің сабап бір.

...Мен тұрдым
жүрер жолды ойлап,

Өмір-ай, өмір, таң қалам:

Аласың басып сол бойда-ақ,

Сәл асып кетсек арнадан.