ВЕРНУТЬСЯ

        Жайды ұғыстық
дегенге сенер едім,

Айрылыстық дегенің не дегенің?

Ақ көйлегің етегі бүрмелі еді...

Ақ нұрымен аймалап күн келеді.

Сүю деген - бірге өлу деген сөз ғой,

Ғашықтық деп өзгерткен кімдер оны?

Ак көйлегің етегі бүрмелі еді.

Көп болды ғой жиделер гүлдегелі.

Сүю деген - Ұлы
ту, көтеремін

Басталарда жанымның дүрбелеңі.

Басым тіктім мен осы Ұлы туға,

Ұлы туды
хақым жоқ ұмытуға.

Мәңгілікке қондырып жүрегіме,

Алып қалғам қаныммен жылытуға.

Жақындатпай өзгенің жаласын да,

Қар астында қалдырмай борасында,

Жүрегімді қорғаймын, қорғап
келем,

Өйткені онда сен барсың - нанасың

Жайды ұғыстық
дегенге сенер едім,

Айрылыстық дегенің не дегенің?