ВЕРНУТЬСЯ

       Атты күздің күміс таңы,

Қала асығып барады жұмысқа, әні.

Кеше, кеше... не кеше?

Кеше түк те болған жоқ.

Бәрі, бәрі тамаша, дұрыс бәрі...

Өмір деген - сағыныш емес мұңды,

Көрген жоқсың кешкұрым сен ешкімді.

Ол - өзге әйел, жоқ болды жалт етті де,

Ол деген - жәй әшейін елес түнгі.

Қарашы өзің, бұлт көкте дамылдайды,

Қалай, қалай мына өзен арындайды.

Кеше сенің жүрегің ауырған жоқ,

Сенің жүрегің ауырмайды.