ВЕРНУТЬСЯ

        Бәлшен кемпір телміреді қиырға,

Көп бармайды қазір тойға, жиынға:

- Қара мая қалды-ау, сірә, қайылмай,

Қайқандауы жаман екен биыл да.

Қай-қайдағы мұң
болып жүр, Тәңірім,

Шайын ұзақ
сораптайды сәрінің. -

Жыл өтті ғой кіші келін түскелі,

Heгe құрсақ көтермейді әлі күн?..

Бұрынғыдай
жадырап тұр көктем кеп,

Сағым жүзді Бестөбені бөктерлеп.

Бәлшен кемпір қайтыс болды сол жылы,

Айтарлықтай өзге ештеңе өткен жоқ.