ВЕРНУТЬСЯ

         Көбелек қар,

Сенің күнің туды енді, себелеп қал.

Орағытам алды-артын Құбақанмен,

Қыстау жақта шұбырып
келеді аттар.

Қарауытқан жалпақ дөң алыс мүлде,

Сары желіске ауысып шабыс бірде,

Шалыс ұйқас
тәрізді шатыр іздер

Қалып жатыр жосылып қар үстінде.

Аттан түсе айырды қолыма алам,

Ұйпалапты-ау
түндегі долы боран,

Үрпиеді қыз емшек шөмелелер

Шаштары қобыраған.

Қария жолға қарайды қырға барып,

Қора ішінде арық тай тұр қамалып.

Лақтырамын төменге тау-тау шөпті,

Айырымды батыра ырғап алып.

Сұр
аспанда ерекше сұс бар бүгін,

Қыс өзінің тізгінін ұстар мығым.

Маңдайымның терімен өлшенеді

Менің мына өмірге құштарлығым.