ВЕРНУТЬСЯ

      Ананың айдаһары бар,

Мынаның самұрығы бар,

Менің кімім бар?

Энциклопедиядан қарашы,

Айдаһар дегені кесіртке болар, шамасы.

Самұрұқ дегені кырғи-ақ шығар, мықтаса,

Әйтпесе, оның ағасы.

Ананың Періштесі бар,

Мынаның Сайтаны бар,

Менің кімім бар?

Кімім бар менің,

Кімім бар менің шынында,

Жоғалды бәрі,

Жоғалды батып жылымға.

Ең құрығанда қалдырса нетті Періні,

Жұмсауға қара таппаймын кейде шылымға.

Әңгүдік!

Періште көрсем бал қылық,

Тартып алғым кеп тұрады ылғи тал түсте,

Иесіне ойбай салдырып.

«Періште кетті,

Ойбай, тұр,
аттан, қуалық».

Соңыма неге
түседі шулап, шұбалып?

Қайтарып берем өзіне кейін бәрін де,

Қалжыңды дағы түсінбейді екен-ау бұ халық.