ВЕРНУТЬСЯ

       Ауыл.

Көктем.

Қардың суы сайға ағып,

Жарқабаққа сүйкенеді тай барып.

Ескі атызда ұмыт қалған тырманың

Тісін санап карғалар жүр айналып.

Көзін жұмып, құлағым caп мың үнге,

Жатам үнсіз тораңғылдың түбінде.

Хабарлады кино жайлы клубтан

«Шпиондар туралы» деп бүгін де.

Тәлдеп жатыр қой-ешкінің көбі егіз,

Почташы шал не айтса да сенеміз.

- Ата, арма?!

- Бар бол, бала!

- He хабар?

- Ет пен сүттен
екінші боп келеміз.

- Демек, сыйлық
бар десеңші бұл апта?

...Шалың аздап қосып айтты бірақ та:

-        Малды қойсын, - депті бізге ауданнан,

егін салсын, тоған жасап бұлаққа.

Қызыл көрпе көктеп жатыр шұбар дүз,

Елеңдейді қызыл түске құмар қыз.

...Жаңа үйге көшіп алды көршіміз,

Биыл біз де үй салатын шығармыз.