ВЕРНУТЬСЯ

        Саяқтарын үйірге сүйреп келіп,

Бұлт
көшеді шашаусыз түйдектеліп.

Сонау алыс жиекте әлсін-әлсін

Жалт ойнайды дыбыссыз иректеліп.

Зауза-мамыр түнінің аспаны бұл,

Дала бүгін қабағын ашпады бір.

Қалтырайсың сұп-суық
құшағымда,

Қалтырайды сұп-суық
тастағы гүл.

Суарылған семсердей өзге нұрмен,

Мен қорқамын мұң
толы көздеріңнен.

«Жұлдыз
біткен сөнген» деп күрсінесің,

Жұлдызыңның
туарын сезгеніңмен.

Домбырамның дауысын сүйгеніңмен,

Күтпестейсің назды әуен күй-көңілден.

Ақымақтық үшін де өзі істеген,

Жаза күткен жандай бір күйдемін мен.

Аққуың кеп қонғандай айдыныңа,

Күдікті де, ұмыт
қып қайғыны да,

Жарығымен жұлдыздың
жымия біл,

Ұласады
шат күлкің ай нұрына!