ВЕРНУТЬСЯ

      Қызға шаһар сыйламайды бүгінде...

Саламатхан, сен шыққанда баққа,

мен

жақын барып:

«Сұлтан
ием, дат!» дер ем.

Самарханды
садағаңа,

Бұхараны
боданыңа,

Ол аз десең,

Алматыны бермес пе ем,

Үшеуі де менікі емес, әттеген.

Қызға шаһар сыйламайды бүгінде,

Бірақ менде болады ол түбінде.

Ол шаһарда еркін күліп,

сөйлейді

Менің жырым менің ана тілімде.

Жеткізші деп оқып сонда желге аят,

Мұнараны сәндер едім мен бояп.

«Күндіз құлың,

Түнде жарың» болсам деп,

Ескі шайыр жырлаған қыз сендей-ақ!

Күн соңынан өте берер күн өтіп,

He күлдіріп,

не жылатып,

жүдетіп.

Атыңды атап азан айтып тұрмас па ем,

Бекер оған сарп етпеспін сан айды.

Ең құрыса...

Шығып шырқау басына,

Менің құлап өлуіме жарайды...