ВЕРНУТЬСЯ

        Риясыз тұнық
әуені,

Рубап даусын сүйетін,

Раушан гүлді әдемі

Рауия шапан киетін;

Шәмшиядан әдіп салдырып,

Шәддәмен белін бүргізген -

Шәйі көйлекті, бал қылық

Танысқан едім бір қызбен.

Сіңлісі ме едің сол жанның,

Құрбысы ма
едің ибалы?

Көзіңде тұнған
тоғжан мұң

Қинады мені, қинады.

Сүгір кеудемді жыр керіп,

Сүйсінген едім мен, құрбым.

Сүрмелі қасты бір керіп,

Сүзіле қарап сен тұрдың.

Жүзімді, піскен жүзімді

Жүзіңе балап мен тұрдым.

Үрзада өн сонда сызылды,

Үзіле қарап сен тұрдың.

Сұқсыр-ән
болып өттім мен,

Сұр жебе
болсаң - көздеп көр.

Қаумалап алды кеп бірден

Қауынқақ сатқан өзбектер.

Келейін таяу қасыңа,

Өрейін деген жырымды ұқ -

Қырық өрім қара шашыңа

Қырық бірінші бұрым
ғып...