ВЕРНУТЬСЯ

       Тоқтады боран,

Тоқтады қары,

Құдай-ау, мынау көктем бе?

Бір күндей болған жоқ бәрі дағы,

Салауат деші өткенге.

Жапырақтары желге ұша берген

Жаяды тоғай кең құшақ.

Болдырған ол да мен құсап әбден,

Күледі тағы мен құсап.

Айта ғой деймін не тілеріңді,

Берейін бәрін, көк өскін.

Жұбатқым
келеді жетімегімді,

Жұбатпаса
да мені ешкім.

Қайығым тасқа соғылып әнтек,

Қайрылса дағы өр талап,

Жара жоқ менде, орыны
бар тек,

Жазылады ол да ертең-ақ.

Қалыңға түспей қаршығам енді

Самғар ма көкті тіле бір?

Бір жақсылығы бар шығар енді,

Қатал десек те бұл
өмір.

Ауып барады бұлт-қара
құс,

Күлемін мұңнан
арылып.

Шаршау бар тәтті үміт бар алыс...

Тым нөзік үміт, пәк
үміт!