ВЕРНУТЬСЯ

     Бірінші өлең

     Балақ жүні тәрізді бадана көз қыранның,

Жел мен құздан мен сені мәңгі қорғап

тұрармын.

Жеті өлікке жан берген Баһауаддин секілді,

Шала жансар ойларды өр өлең ғып

шығардым.

Хорезмдік бауырдың керуеніндей шұбалып,

Өте берсін уақыт шаттанып не жыланып.

Құрма гүл
мен Құранды қалай сүйсе арабтар,

Дәл осылай мен сені әспеттеймін - бүл анық.

Біздер алғаш таныстық жағасында Сейхунның,

Қалай өтіп кеткенін білмеуші ек-ау кей түннің.

Біледі оны сол талдар, сосын мына толған Ajh,

«Толған Айға мен жоқта қарай жүрші» дейтінмін.

Бөйіт оқып
ұзақ тун, сәл мұңдылау
бейнемен

Қорым жаққа барғанда жырлармын-ау кейде мен.

Зиратыңның әманда ық жағынан өтермін,

«Шаңға көміп кетермін» деген нәзік ойменен...

      Екінші өлең

     Басым қатты, жамиғат, жүйке тозды,

шаршадым,

Тарих, тарих... тарихқа үңілдім мен қанша күн.

Шәмшия-жыр тіпті де ұстатпады қолыма,

Іздеген ем шоқайын киіп алып Жаншаның.

Ән сал деп ем, «Сал-салды» бастап кетті шал бірден

Мұқтасардың
мақамы секілденген зарлы үнмен.

Абыз айтқан қиссаның бірі де жоқ жадымда,

Тек, тек қана «Ләйлі мен Мәжнүнді» ұстап қалдым мен.

Соға бердім айналып, соға бердім сүюге,

Ұқсастық
бар менімен пәруананың биінде.

Жауып тастап Әнетті, Жәмиді алып қалып ем,

Ала қашты ғазалдар арман атты иірімге.

Ай да батқан бір кезде,

тұмшаланған
күн анау,

Бірақ, бірақ қалай да сөнбей келген бір алау.

«О дүние» дегенді Мұхаммедің емес, дос,

Алғаш тапқан, мен білсем, ғашық жандар шығар-ау!