ВЕРНУТЬСЯ

      Ұлықбекке

     Неменеге қысылып, кымсынасыз,

Біз жұмаққа барамыз - бұл шүбәсіз.

Лә Иллаһи Илла Алла - көкте Құдай,

Көкте Құдай шуағын төккен ұдай.

«Біздікі» деп, «бөтен» деп елді алалап,

Ол бөлмейді руға, жерге қарап.

Тегі, түгін қалдырмай ақтай құла,

Қазақстан байлығын сатпайды да.

Елді мұнша қорлауға ол батпайды,

Демек, ғазиз өнерді сорлатпайды.

Ұлқаш,
оның кеңесі басқа кеңес,

Адалдыққа қарайды ол, ақшаға емес.

Неменеге, ендеше, қымсынасыз,

Біз жұмакқа барамыз, бұл - шүбәсіз.

Менің қайғым ол емес - мүлдем бөтен,

Қор қызы бар дейді онда - кім керді

екен?!

Сұлу дейді тағы оны - мақұл делік,

Тең дарымас дерт еді Ақыл, Көрік.

Өлең оқи ма екен ол, жоқ, ұқпай ма,

Әлде ұққысы келгенмен,

қорытпай ма?

Халтурщиктің дастанын жаттап келіп,

Толқып тасып, тебіреніп, тап-тап

беріп,

Қайта-қайта оқыса қайырып кеп,

He болады халымыз, әй, Ұлықбек?!

He болады халымыз жұмақтағы,

Басқа барар жер де жоқ бірақтағы.