ВЕРНУТЬСЯ

       Сексеуіл деген ағам бар

Ана Алғидың ала шөлінде,

Бұтағын жайған өніп ол.

Жөн сұрар болсаң, жарандар,

Ағамды көр де, мені көр.

Ақпаның анау ақ тонды,

Оның да күшін көргенбіз.

Құм түгіл,
ел көшіп кеткен шақ болды,

Кетпедік туған жерден біз.

Құралайдың күні
құр адым,

Құтыра
келіп ат байлап,

Шілденің күні шіл адым,

Шіліңгір ыссы қақтайды-ақ.

Желтоқсан туса - жел шұнақ,

Салады-ай ол да ланды.

Мен деген ерге берсін-ақ

Қайран біздерге біткен шыдамды.

Аспаның тағы қасарды,

Сусырап жатыр дала кең.

Қарайды көкке қашанғы

Қасқа да болған ағекем.

Ақ бұлт кетті жөнімен,

Көк бұлт
нөсер төкпеді ол.

Алғидың ала шөлінен

Ағамыз жайды көкке қол.

Алғидың ала шөлінен

Ағамыз көкке ұмтылды.

Сайрандап жүрген бұлтыңды

Қатып қалған кара сіңір қолымен

Сүйреп түсірген көгінен

Көрсем-ай деймін бір күнді...