ВЕРНУТЬСЯ

      Жетеді хаттар жұртымнан

Қайғысын алып әлемнің:

«Түгенше науқас былтырдан»,

«Халі тым нашар пәленнің».

Қанша рет жаным жылады

Тағдырдың қорлағанына.

Өртеніп жүрек тұрады

Дәрігер болмағаныма.

«Жер қуаң, шөп жоқ қыр-дөңде»,

«Қажыды өбден ел шаршап».

Жаңбырлы жерде жүргенге

Жазықтыдаймын
мен сол сәт.

Қеш қалып жеткен көштеймін,

Қарт емен,

кешір, жас шыбық.

«Директор - топас».

He істеймін?

Мен емес қойған басшы ғып

Бейнеті батпан осы елге

Келсе екен дегем кең ұлдар...

Кінәм жоқ менің десем де,

Кірбіңі кетпес көңіл бар.

Сан қилы ойлар басымда,

Жәшіктен хатты алам кеп.

Тұрамын қорқып ашуға,

Ашпауға тағы шарам жоқ.