ВЕРНУТЬСЯ

      Желтоқсан деген бір ай бар

Шабынтып мінген үлекті.

Шыңылтыр күнде шырай бар,

Жылытар ма екен жүректі?

«Төбемнен төнген манар көк,

Безерме бұлай
сен енді.

Бермесең, тартып алам» деп,

Кеше мен белдесіп көрдім - не болды?

Жарылып түсті жартасым,

(Біткен бір істің сыны көп)

Ағаның көрдік алқасын,

Ақылдан басқа түгі жоқ.

Зырласын уақыт, зырласын,

Бойымды соған үйретем.

Құрбының
көрдік құрмасын,

Құбылған
күндей дүние екен.

Желігім басып жаланған,

Желтоқсан тұрды
шабына.

Көп үміт-сенім, сан арман

Көміліп қалды қарына.

Бораннан кейін, бораннан,

Барлығын іштей бағамдай,

Көміліп
қалған көп арман,

Шаршадым аршып ала алмай.

Кеп-кеше мықты секілді ек,

Көртке ұқсап қапты жүдеп нар.

Желтоқсан сайын жетім боп,

Бір жылап алар жүрек бар.