ВЕРНУТЬСЯ

     Сезімге от,

Дәтке қуат сенен алам,

Өзім деп,

Өзегім деп келем әмән.

Омпы тұрған
сақадай оқшау төбе,

Оқшырайып қарадың неге маған?

«Суын іш, жапырағын жараңа таң», -

Деп сізді қалдырмап па ед маған атам?!

Тым суық қарсы алдыңыз неге бұлай,

Сазарған сартас мола, сағана там?

Келіп ем тындайын деп сөз данасын,

Апырма-ай, селт еткізді-ау көз қарасың.

Мұншама
тосырқадың, жарықтығым,

Танымай тұрған
қарттай өз баласын.

Басқа деп қарамағын, тегі, бөліп,

Еске алдым мен атамды сені көріп.

Әуелі танымай қап ол да сендей,

Бір ұрсып
ап, сүйетін еміреніп...

Ал кәне, құшағынды
аш, сары бас тау,

Сары шалым секілді тебіреніп!