ВЕРНУТЬСЯ

        Әжем айтпақшы,

Жаратқан-ай, несібемді

Тауыспашы азды-көп күн.

Тілім тисе, кешір
енді,

Оған өзің мәжбүр еттің.

Тоқтаттым-ау жаңбырымды,

Басылды ғой селім нөпір.

Ұяң екен
Таң бүгінгі,

Ұят-иман
өңінде тұр.

Таңғы желге тостым кеуде,

Қандай жұмсақ
желдей кей күн.

Бұл өмірде
ешкімнен де

Зәбір көрмей келгендеймін.

Беу, таулар-ай кіл қара нар,

Қаз-қалпында мына бел көк

Маған дейін тұрған
олар,

Менен соң да тұра
бермек.

Бәрін
көрдім.

Қалтақтаман,

Лап қойса да түмен қайғың.

Тек бір зат бар мен таппаған,

He екенін біле алмаймын.

Сансыз арман, көп
тілекті

Салмақтаймын мен отырып.

Ыру-дыру, өтті,
кетті,

Бәлду-бәлду бәрі - өтірік,

Әжем айтпақшы...