ВЕРНУТЬСЯ

      «Гүл менен шарап мәңгі» деп,

Омар һаям нақыл калдырған.

Сайтан боп, ессіз бәңгі боп,

Екеуі де өтті алдымнан.

Шынжырын үзген барақ түн

Құтырды-ау талай, сөкпеші.

Басқаны қайдам, шараптың

Жоқ шығар маған өкпесі.

Tap көше, лайсаң, түн іші,

Ердім ғой лаң көшке сан.

Жыр жазбау керек, дұрысы,

Жыр жазбау керек ешқашан.

Рүстем-қырғын мысалы

Жан-жағын өрттей жалмаған.

Ойласам, зәрем
ұшады,

Қалай мен өліп қалмағам.

Уақыт байғүс барлығып:

- Уай, қайт, - деді, - қайт, бала!

«Гүл менен шарап мәңгілік» -

Омекең кейде айтқан, ә?!

Омеке, дедім, затында,

Белгілі жырың сенің де.

Содан соң ешбір Ақынға

Табынған емен өмірде.

Келешек күннің зергері,

Саларсың өзің ақылға.

Пір тұта
көрме сен мені,

Тезірек ұмыт, мақұл ма?!