ВЕРНУТЬСЯ

       «Сақ етер тиді саныма,

Сақсырым толды қаныма.

Жара бір қатты,
жан тәтті,

Жара аузына қан қатты...»

Таңдайында өлеңі,

Маңдайында соры бар,

Қазақ жүріп келеді

Қоналқы іздеп жолығар.

Тойлы ауылға тап келіп,

Алынды аттан құранды
ер.

Жатырқамай жат көріп,

Орын берді бұған
да ел.

Жарасы отыр сыздап-ақ,

Қинайды ұзақ,
беу, неге.

«Тойдың шырқын бұзбалап»

Ұяты отыр
кеудеде.

«Қанаса, іште қанасын»,

Жатқансиды ол көсіле.

Өзінен өз жарасын

Жасырады-ей, несіне?

Әлдеқандай
үміт-ой

Жұбатады
жүрегін.

«Көппен көрген - ұлы той»,

Неменесі ұлы
оның!

Күлген болып қояды,

Тұрса да
іші бүркіп от.

Жалғасуда той әлі,

Жалғасуда дүркіреп.